Первый руководитель

Мен, Сиджанов Махжан Жолдасұлы 1960 жылдың 10 шілдесінде  Гурьев облысы, Гурьев қаласында дүниеге келдім. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1977 ж. Ақтөбе мемлекеттік медицина институты

ның емдеу факультетіне оқуға түстім және 1983 жылы оқу орнын бітіргеннен соң интернатурадан өтуге Гурьев қаласының БСМП қарамағына жіберілдім.

Өз еңбек жолымды 1984 жылдың тамыз айынан бастап хирургия бөлімшесінің дәрігер хирургі болып жұмыс жасадым.

1987 жылы Ақтөбе облыс

тық онкологиялық диспансерінде амбулаториялық қабылдау дәрігері болып жұмысқа қабылданып, 1988 жылы торакальдық бөлімшесінің дәрігер-хирургі болып ауыстырылдым.

1994 жылдың қазан айынан бас

тап онкология кафедрасының аспирантурасына түсіп,  1997 жылдың тамыз айында аспирантураны бітіріп, 1998 жылдың маусым айынанда жеке еңбек шарты негізінде онкология кафедрасының ассистенті болып ауыстырылдым.

2001 жылдың маусым айынан бастап 2002 жылдың сәуір айы аралығында Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде дәрігер хирург және хирургия бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалдым.

2002 жылдың сәуір айымен 2004 жылдың сәуір аралығында М.Оспанов атындағы ЗКГМУ онкология кафедрасының ассистенті болып, 2004 жылдың наурыз айында М.Оспанов атындағы ЗКГМУ онкохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалдым.

2007 жылдың тамыз ай

ынан бастап, 2012 жылдың 22 қазан айы аралығында Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары болып қызмет атқардым.

2012 жылдың 22 қазан айынан бастап ШЖҚ КМК Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалдым.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап ШЖҚ КМк Атырау облыстық онкология диспансерінде аудит дәрігері болып жұмысқа қабылданып, 2017 жылдың 12 сәуірінен бастап директордың орынбасары лауазымына жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын.

Атырау облысы Денсаулық сақтау ба

сқармасының 2018 жылғы 5 қарашадағы №819 бұйрығымен 2018 жылдың 5 қарашасынан бастап ШЖҚ КМК №2 Атырау облыстық ауруханасының директорының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

2013 – 2012 жылдар аралығында М.Оспанов атындағы ФФДМ және  ФО ЗКГМУ және Астана медицина университетінің базасында біліктілік арттыру курсынан өтіп, 2014 жылдың маусым айында онкология мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатын алдым.

2000 жылы медицина ғылымдарының кандидаты.

2011 жылы ҚР халқының денсаулығын сақтау ісінің сіңірген айрықша еңбегі үшін омырауға тағатын «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.

Үйленгенмін, жұбайым Сырбаева Жанар Маликқызы касметолог болып жұмыс жасайды.

Үш қыз тәрбиелеп отырмын.