Первый руководитель

Сиджанов Махжан Жолдасұлы 1960 жылдың 10 шілдесінде Гурьев облысы, Гурьев қаласында дүниеге келді. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1977 ж. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне оқуға түсіп және 1983 жылы оқу орнын бітіргеннен соң интернатурадан өтуге Гурьев қаласының БСМП қарамағына жіберілді.

Өз еңбек жолын 1984 жылдың тамыз айынан бастап хирургия бөлімшесінің дәрігер хирургі болып жұмыс жасады.

1987 жылы Ақтөбе облыстық онкологиялық диспансерінде амбулаториялық қабылдау дәрігері болып жұмысқа қабылданып, 1988 жылы торакальдық бөлімшесінің дәрігер-хирургі болып ауыстырылды.

1994 жылдың қазан айынан бастап онкология кафедрасының аспирантурасына түсіп, 1997 жылдың тамыз айында аспирантураны бітіріп, 1998 жылдың маусым айынанда жеке еңбек шарты негізінде онкология кафедрасының ассистенті болып ауыстырылды.

2001 жылдың маусым айынан бастап 2002 жылдың сәуір айы аралығында Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде дәрігер хирург және хирургия бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2002 жылдың сәуір айымен 2004 жылдың сәуір аралығында М.Оспанов атындағы ЗКГМУ онкология кафедрасының ассистенті болып, 2004 жылдың наурыз айында М.Оспанов атындағы ЗКГМУ онкохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2007 жылдың тамыз айынан бастап, 2012 жылдың 22 қазан айы аралығында Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.

2012 жылдың 22 қазан айынан бастап ШЖҚ КМК Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап ШЖҚ КМК Атырау облыстық онкология диспансерінде аудит дәрігері болып жұмысқа қабылданып, 2017 жылдың 12 сәуірінен бастап директордың орынбасары лауазымына тағайындалды.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының 2018 жылғы 5 қарашадағы №819 бұйрығымен 2018 жылдың 5 қарашасынан бастап ШЖҚ КМК №2 Атырау облыстық ауруханасының директорының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №861 бұйрығымен ШЖҚ КМК №2 Атырау облыстық ауруханасының директорының лауазымына тағайындалдым.

2013 – 2012 жылдар аралығында М.Оспанов атындағы ФФДМ және ФО ЗКГМУ және Астана медицина университетінің базасында біліктілік арттыру курсынан өтіп, 2014 жылдың маусым айында онкология мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатын алған.

2000 жылы медицина ғылымдарының кандидаты.

2011 жылы ҚР халқының денсаулығын сақтау ісінің сіңірген айрықша еңбегі үшін омырауға тағатын «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.